Спорт • 24 Қазан, 2021

«Қайрат» футболдан Қазақстан чемпионатының қола медалін жеңіп алды

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Лига командалары арасында футболдан Қазақстан біріншілігінің аяқталуына бір тур қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» футболдан Қазақстан чемпионатының қола медалін жеңіп алды

«Қайрат» өз алаңында елдегі футбол чемпионаты үшін күресте көп жылғы қарсыласын қабылдады.

Алматылықтар 8-ші минутта легионер Небойша Косовичтің арқасында есеп ашты. 1:0 нәтижесі матчтың соңына дейін өзгерген жоқ.

Бұл жекпе-жек жанжалмен есте қалады. Бірінші таймның аяқталуына бес минут қалғанда қонақтардың жаттықтырушысы Андрей Тихонов түсініксіз себептермен өз жасағын футбол алаңынан алып кетті. 10 минуттан кейін елордалық клуб алаңға оралып, ойын жалғасын тапты.

Енді соңғы турда 30 қазанда «Астана» «Тұранды» қабылдаса, «Тобыл» «Ақжайыққа» қонаққа барады. Осы кездесулердің нәтижесіне қарамастан, «Қайрат» биылғы біріншіліктің қола медаліне кепілдік берді.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05