Әлем • 25 Қазан, 2021

Жанартау атқылауынан келген зиян

1037 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испания Пре­мь­ер-министрі Пед­ро Санчес сен­бі күні Ла-Пальма аралындағы жанар­таудың бір бөлігі опырылып түскенін хабарлады. Вулкан атқылауы басталғаннан бергі бір ай ішінде ыстық лава ауыл шаруашылығы мен балық өнеркәсібіне ауыр зардап әкелген.

Жанартау атқылауынан келген зиян

Лава 900 гектар жерге жайылып, 2000-нан астам ғимарат пен көптеген банан алқабын қиратқан. 19 қыркүйекте жанартау атқылай бастағаннан бері 7 мың­нан астам адам үйлерін тастап кеткен.

Қазан айының басында Педро Санчес инфрақұрылымды қалпына келтіруге және жұмыспен қамтуды, ауыл шаруашылығын және туризмді арттыруға аралға үкіметтен 206 миллион еуро (239 миллион доллар) қаржы бөлетінін хабарлаған-ды.

Канар аралдарының вулканология институты сенбі күні таңертең негізгі конустың бір бөлігі құлағанын хабарлады. Вулкан салдарынан аралдағы банан алқабының көп бөлігі зардап шеккен. Бұл арал өнімдерінің жартысына жуығын құрайды.