Аймақтар • 25 Қазан, 2021

ШҚО-да ыстан уланған зейнеткер көз жұмды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында иіс тиген 74 жастағы зейнеткер қайтыс болып, екі бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да ыстан уланған зейнеткер көз жұмды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші оқиға 24 қазан күні сағат 20:44-те Алтай қаласында болған.

Ауруханаға улану белгілерімен екі бала, атап айтқанда 2012 жылғы ұл мен 2019 жылы туған қыз түсткен. Жеке тұрғын үйді тексеру барысында департамент мамандары балаларға пеште жарық болуы салдарынан иіс тигенін анықтады.

«Екінші оқиға 25 қазанда Семей қаласында болған. Пеш мұржасының уақытылы тазаланбауынан иіс тиген 1947 жылғы әйел көз жұмды. Құтқарушылар осыған дейін бұл үйлерде қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп, бұзушылықтар туралы ескерткенімен олар еш назар аудармаған», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, жылыту маусымы басталғалы бері өңір құтқарушылары 92 732 тұрғын үйді аралап, халыққа пеш пен электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірген.