Әлем • 25 Қазан, 2021

Қырғызстан Түркиядан әскери дрон алатын болды

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Ұлттық Қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы Камчыбек Ташиев Түркиядан «Bayraktar TB2» қарулы ұшқышсыз әуе көлігін алатындарын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан Түркиядан әскери дрон алатын болды

Қырғызстан Ұлттық Қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара жасақтарына сатып алынған әскери көліктерді тапсыру рәсіміне Президент Садыр Жапаров та қатысты.

Камчыбек Ташиев сол кездесуде журналистерге Түркияға өтініш бергендерін, жақында ұшқышсыз қарулы әуе көліктерінің келетінін айтты.

Ол бұндай қарудың санаулы елде ғана бар екенін айтты.

«Енді олардың арасында біздің ел де болады. «SİHA» деп аталатын осы әскери дрондарды қолданатын мамандар Түркияда дайындықтан өтті. Жақында елімізге келеді», деді ол.