Оқиға • 25 Қазан, 2021

Маңғыстауда газ құбыры жарылды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда жеңіл көлік газ құбырына соғылып, салдарынан 16 үй көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда газ құбыры жарылды

Оқиға Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында түнгі мезгілде болған. Мас жүргізуші көлік руліне ие бола алмай, көше бұрылысындағы құбырды соққан. Сол жерде өрт тұтанып, «Уаз Патриот» көлігі түгел жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда бүлінген құбырды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған. Ол 7 жылға көлікті басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

«Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жол-көлік оқиғасының алдын алу және болдырмау шараларын күшейту мақсатында Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын жолдардағы ерекше жауапкершілік туралы ескертеді», дейді МО Полиция департаменті бөлім басшысының м. а. Әйгерім Ибатуллаева.