Туризм • 25 Қазан, 2021

Көкжайлау Іле Алатауы ұлттық паркінің құрамына кіргізілмек

798 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Көкжайлау шатқалының Іле Алатауы ұлттық паркінің құрамына қашан қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкжайлау Іле Алатауы ұлттық паркінің құрамына кіргізілмек

Министр 2020 жылғы 30 қыркүйекте қордағы жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға ауыстыру тәртібін реттейтін заң қабылданғанын еске салды.

«Аталған заңның қабылдануы Көкжайлау жобасының жерлерін Іле-Алатау ұлттық паркінің құрамына қайтаруға негіз болды. Бүгінде жер көлемі шамамен 1000 гектарды құрайды, қазіргі уақытта Іле-Алатау ұлттық паркіне жер беру туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленуде», деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, қаулы жобасын келісу және оны бекіту рәсімі шамамен бір айға созылады, ал Көкжайлауды Іле-Алатау ұлттық паркінің құрамына қайтару процесі жыл соңына дейін аяқталмақ.