Оқиға • 25 Қазан, 2021

Елордада жолаушылар автобусы өртенді

3821 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында жолаушылар автобусынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жолаушылар автобусы өртенді

«Бүгін сағат 18:44-те Байқоңыр ауданы Кравцов көшесі 9а мекенжайындағы «Целинный» мөлтекауданы аялдамасында автобус өртенді. «Ивеко» маркалы №28 қалалық маршруттың қозғалтқышынан өрт шыққан. Жолаушылар дереу автобустан түсіріліп, өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД-ның 7 қызметкері және 1 техника жұмылдырылған.