18 Ақпан, 2014

Құттықтау жеделхатын жолдады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев мил­лион­даған қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Денис Тен­ді Сочиде өтіп жатқан XXII Қыс­қы Олим­пия ойындарында қо­ла ме­даль жеңіп алуымен құт­тық­тады. «Біздің бәріміз әлемнің ең үздік мәнерлеп сырғанаушылары арасындағы тартысты бәсекеге ұласқан мұз айдынындағы сенің өнеріңді демімізді ішке тарта отырып бақылаумен болдық. Сен біздің үмітімізді ақтап, еліміз тарихында алғаш рет спорттың осы түрінен олимпиадалық награданы жеңіп алдың», делінген құттықтау жеделхатында. Соңында Мемлекет басшысы Д.Тенге зор денсаулық және спорт саласында жаңа табыстар тілеген.