Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Бұл ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз құзыреті шеңберінде аталған бағыт бойынша жұмыс жүргізуде.

Мәселен, агенттік соңғы 8 айда қаржы пирамидаларының қызметі мен алаяқтықтыққа қатысты жеке және заңды тұлғалардың 125 өтінішін қарастырған. Жыл басынан бері қаржы пирамидаларының белгілері бар 110-нан астам ұйым бойынша құқық қорғау органдарына ақпарат жіберілген.
Агенттіктің қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаментінің директоры Дәурен Сәлімбаевтың айтуынша, қаржы пирамидалары мен алаяқтыққа қарсы шараларды әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Оның құрамында Бас прокуратураның, Ұлттық банктің, Ішкі істер министрлігінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері бар.
– Жуырда жұмыс тобы жосықсыз іс-қимыл практикасының 39 өлшемшартынан тұратын қаржы пирамидалары белгілерінің тізбесін бекітті. Бұл белгілер қандай? Бірінші белгі – нарықтық көрсеткіштерден әлдеқайда асып түсетін жоғары кірістілікке уәде ету. Екінші белгі – бизнесті қатысушының кірісі жаңадан қосылған адамдардың салымы есебінен қалыптасатын желілік маркетинг қағидаттарымен ұйымдастыру. Үшінші белгі – компанияда кірістің, сондай-ақ қажетті лицензиялар мен рұқсаттардың болмауы. Төртінші белгі – жобалардың атауына белгілі жария компаниялардың, брендтердің атауына ұқсас сөз тіркестерін немесе нышандарын пайдалану, – дейді Д.Сәлімбаев.
Бұған қоса қаржы пирамидаларының белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялау алгоритмі келісілген. Тізім агенттіктің сайтында орналастырылған. Бүгінде онда қаржы пирамидаларының белгілері бар 56 ұйым тіркелген. Тізім үнемі жаңартылып отырады. Ол жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерінің, сондай-ақ құқық қорғау органдары тарапынан түскен сұраулардың негізінде қалыптастырылады.
– Қаржы нарығында пандемия кезеңінде микрокредит алу үшін жеке басын куәландыратын қолдан жасалған немесе ұрланған құжаттарды қолдану практикасы кеңінен тарады. Осы жылдың сәуірінде алаяқтықтың мұндай түрлеріне жол бермеу үшін агенттік электронды тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын қатаңдатты. Жаңа талаптарда қарыз алушыны идентификаттаудың қосымша тәсілдері көзделген. Енді микрокредитті электронды тәсілмен беру үшін электронды-цифрлы қолтаңбадан бөлек, Ұлттық банктің банкаралық есеп айырысу орталығының сервистері арқылы қарыз алушыны биометриялық идентификаттау, не нақты уақыт режімінде қарыз алушының дербес деректері мен бейнесін екі факторлы тексеру жүйесі пайдаланылуы мүмкін, – дейді департамент директоры.
Д.Сәлімбаевтың түсіндіруінше, екі факторлы тексеру шеңберінде қарыз алушының жеке кабинетіне қол жеткізудің бір реттік парольдері және клиенттің нақты уақыт режіміндегі бейнесін оның жеке басын куәландыратын құжаттағы бейнесімен салыстырып тексеретін бағдарлама пайдаланылады.
– Қарыз алушыларды идентификаттауға қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты жалған микрокредиттерді ресімдеуге қатысты шағымдар саны күрт азайды. 2020 жылы 94,4 млн теңгеге жалған микрокредит рәсімдеген 1 102 жағдай анықталса, биылғы мамырдан бастап, яғни электронды тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларына қойылатын талаптардың өзгеруімен жалған микрокредит беруге қатысты небәрі 6 жағдай тіркелді, – дейді ол.
Агенттік қазіргі уақытта электронды тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларына қарыз алушылардың идентификаттау деректерін мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеру мүмкіндігін көздейтін түзетулер жобасын талқылауда. Яғни клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірін мобильді байланыс операторының дерекқорындағы абоненттік нөмір иесінің жеке сәйкестендіру нөмірімен салыстырылмақ. Бұдан бөлек, жалған микрокредиттер анықталған кезде азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында құқық қорғау органдары микрокредит бойынша сыйақы есептеуді және жәбірленушіге қатысты талап-арыз жұмысын тоқтата тұру жөніндегі шаралар көзделген.
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 11:50
Ислам ойындарында Қазақстандық жүзуші алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Коронавирустан емделіп жатқан 9 науқастың жағдайы өте ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:45
1737 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 10:10
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Бір тәулікте 1239 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар