Спорт • 26 Қазан, 2021

Министрлік кубогын жеңіп алды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алау» мұз айдыны сарайында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогы үшін шайбалы хоккейден турнир өтті. Бұл жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тұңғыш рет ұйымдастырылды.

Министрлік кубогын жеңіп алды

Іс-шараның ашылу салтанатына Төтенше жағ­дай­лар ми­нистрі Юрий Ильин қаты­сып, құттықтау сөз сөй­леді. Жа­рыс­қа ТЖМ, Нұр-Сұл­­тан қала­сы, Ақтөбе және Сол­түстік Қа­зақ­стан облыс­та­ры­ның коман­далары қаты­сып, министрлік кубогын са­рапқа салды. Сондай-ақ ІІМ Сол­түстік Қазақстан об­лы­сы­ның Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ко­мандасы да осы жарысқа қа­тысып, өз күштерін сынады.

 Хоккей қолданыстағы ережелерге сәйкес 15 минуттан 3 тайм және 3 минуттық үзіліс тәр­тібімен өтті. Әр команданың құра­мында 12 ойыншы болды. Ойын барысын елордалық гарнизон құтқарушыларының кәсі­би дайындық бөлімшесі, ТЖ минис­трлігі қызметкерлерінен құралған төрешілер алқасы бақылады.

Жарыс қорытындысы бо­йын­ша Солтүстік Қазақстан об­­лысы ТЖД командасы б­і­рін­ші орынды иеленіп, бас жүл­­дені қанжығаларына бөк­терді. Екінші орынды да сол­түс­тікқазақстандықтар ие­ле­ніп, Солтүстік Қазақстан об­лы­сының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командасы алды. Осының өзі­нен Сол­түстікте хоккей ойы­нына үл­кен көңіл бө­ліне­тіндігі кө­рініп тұр. Ал та­маша стадиондары бар Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД ко­мандасы үшін­ші орынға қана­ға­ттанды. Ко­­мандалар дипломдармен, ме­даль­дармен және естелік сый­­лықтармен марапатталды. Турнир чемпиондарына ауыс­палы кубок пен бірінші дәре­желі диплом табыс етілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы