Қоғам • 26 Қазан, 2021

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қамту министрі Серік Шәпкенов жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Министрдің айтуынша, еңбек нарығын біртіндеп қалпына келтіру жалғасуда, оның көрсеткіштері оң динамиканы көрсетеді. Мәселен, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 73 мың адамға артты.

«Пандемия басталғаннан бері нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар саны 12,2%-дан 7,4%-ға дейін азайды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% көлемінде сақталды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, 3,7%-ды құрады», деп атап өтті Серік Шәпкенов Үкімет отырысында.