«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті қоса беріліп отырған бөлуге сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жоғары оқу орындарына қаражат бөлуді қамтамасыз етсін», делінген құжатта.
Қосымшаға сәйкес 18 Президенттік стипендия бөлінді:
- «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ - 5 шәкіртақы;
- «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ - 9;
- «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ - 4.
Бұйрық жобасы 9 қарашаға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.