Бұл туралы Deutsche Welle сайты жазды.
Халықаралық әуе сапарларының жаңа саясатын жүзеге асыру туралы мәліметке сай, АҚШ-қа COVID-19-ға қарсы екпенің толық курсын алған шетел азаматтары ғана кіре алады. Иммиграциялық емес визалары бар, АҚШ-қа баратын шетелдіктер ұшаққа отырар алдында екпе алғаны туралы куәлігін көрсету керек.
«Пандемия кезінде кей елдерге қойылған шектеулерден бас тарту және әуе тасымалын қауіпсіз жүзеге асыруға ықпал ету үшін бірінші кезекте вакцинацияға негізделген әуе саясатын қабылдау керек», делінген Байден мәлімдемесінде.