Аймақтар • 26 Қазан, 2021

Атырауда колледжде оқитын қыздар төбелесті

3487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы бизнес және құқық колледжінде оқитын үш қыз төбелесіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда колледжде оқитын қыздар төбелесті

Төбелес өзара келісе алмаған екі қыздың арасында шыққан. Кейін төбелеске үшінші қыз қосылған. Жасөспірім қыздардың арасындағы жанжалды колледждің оқытушылары мен студенттері тоқтатқан.

«Студенттер сабақтан кейін, түскі мезгілінде төбелескен. Біз төбелеске қатысқан студенттердің ата-аналарын шақырып, жиналыс өткіздік. Бірінші курс студенттерімен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Психолог студенттермен жеке әңгімелесу өткізді», дейді колледж директорының орынбасары Назерке Кожабаева.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім еткендей, үш жасөспірімнің ата-анасына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 435-бабымен хаттама толтырылған. Жинақталған іс құжаттары Атырау облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды.