Әлем • 26 Қазан, 2021

Мессенджерді пайдалану үшін төлқұжат мәліметтерін хабарлау міндетті ме?

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Telegram арналарында келесі жылдың наурыз айынан бастап азаматтар мессенджерлерді пайдалану үшін төлқұжат деректерін хабарлауға міндетті болатыны туралы хабарлама тарауда, деп жазады Egemen.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Мессенджерді пайдалану үшін төлқұжат мәліметтерін хабарлау міндетті ме?

Төлқұжат мәліметтерін ұсыну қажеттілігі туралы қауесет Ресей Федерациясы Үкіметінің биылғы 20 қазандағы қаулысын дұрыс түсінбеуден шыққан. Бұл туралы ақпаратты РФ Мемлекеттік думасы жоққа шығарды. Ақпараттық саясат, ақпараттық технологиялар және байланыс комитетінің төрағасы Александр Хинштейн «Говорит Москва» радиосының эфирінде елде мұндай заң қабылданбағанын мәлімдеді.

«Мессенджер иелеріне арналған ережелер 2018 жылы шықты. Қазір Үкімет жаңа қаулы шығарды, ол бойынша байланыс операторлары телефон нөмірі бойынша растауды сұратуға және осыдан кейін ғана қызмет көрсетуге міндетті», деді ол.

Демек, азаматтарды мессенджерлерді пайдалану үшін төлқұжат деректерін ұсынуға міндеттейтін жаңа заң туралы хабарламалар шындыққа жанаспайды.