Бизнес • 26 Қазан, 2021

Қазақстанда MBA бағдарламасын VR форматында оқуға болады

323 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада КАЗГЮУ бизнес-мектебнің базасында жүзеге асатын МВА бағдарламаларының презентациясы өтті, деп хабалайды Egemen.kz.

Қазақстанда MBA бағдарламасын VR форматында оқуға болады

Презентация барысында бизнес-мектеп Франция, АҚШ және Испания сынды алпауыт елдердің университеттерімен серіктестік туралы келісімшартқа қол қою жолында екені белгілі болды. Осылайша, жақын арада MBA студенттерінің КАЗГЮУ қабырғасында оқып жүрген кезеңінде екінші диплом алуына мүмкіндік беретін мемлекет таңдау құқығы болады. Қазіргі таңда КАЗГЮУ-де екі дипломдық білім алу мүмкіндігі Швейцариялық University of Business and International Studies-пен бірге жүзеге асырылып жатыр.

Бүгінде бизнес-мектеп МВА-дің екі негізгі бағдарламасын ұсынып отыр. Біріншісі – жас мамандар мен басшыларға сай келетін классикалық екі жылдық білім бағдарламасы. Ол 20 модульден тұрады. Оның 15 модулін шетелдік мамандар жүргізеді. Оған қоса, бағдарламада 1 шетелдік модуль бар. Яғни, бұл студент университет серіктестік қарым-қатынас орнатқан бір елге бара алады деген сөз.

Executive MBA деп аталатын екінші бағдарлама студенттер тарапынан жоғары сұранысқа ие болды. 18 модульден тұратын бұл бағдарлама бизнес иелері мен компаниялардың топ-менеджерлеріне арналған. Executive MBA ерекшелігі – мұнда жоғарыда аталған 4 елге баруға мүмкіндік беретін 3 шетелдік модуль бар. Ол халықаралық қарым-қатынасты қамту мен нетворкинг мүмкіндіктерін арттырады.

КАЗГЮУ бизнес-мектебінің директоры Алина Абдрахманова МВА бағдарламаларындағы білім беру аралас-онлайн және офлайн форматта жүріп жатқанын атап өтті. 

«Zoom платформасы онлайн білім беру үшін ыңғайлы, бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, камера мен микрофонды өшіріп, басқа жұмыстармен шұғылдану оңай. Біздің мақсатымыз – адамның өзін сабақта отырғандай сезінуін қамтамасыз ету және сол арқылы оқытушылармен вербальді коммуникация орнату әсерін жасау. Осы идеяны жүзеге асыру мақсатында жұмыстың жүргізіліп жатқанына бір жылға жуық уақыт өтті. Бұл стартапты іске қосу үшін Сингапур инвестициялық қорынан қолдау таптық. Аталған инновациялық жоба КАЗГЮУ бизнес-мектебінің аясында іске асады», деді Алина Абдрахманова.

Айта кетсек, Executive MBA бағдарламасына оқуға түсуді жоспарлап жүрген әйел адамдарға 1 200 000 теңге көлемінде арнайы грант бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше