ANTIKOR • 26 Қазан, 2021

Қазақстанда параның орта мөлшері – 1,2 млн теңге

775 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері елімізде сыбайлас жемқорлықтың 1500 фактісі тіркелді деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда параның орта мөлшері – 1,2 млн теңге

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің хабарлауынша, 894 пара алу, 141 ұрлық және 120 лауазымдық міндетін теріс пайдалану жағдайы тіркелді.

Азаматтар мәселені көбінесе құқық қорғау органы мен әкімдік, сондай-ақ, орталық органы мен аумақтық бөлімше қызметкерлеріне пара беру арқылы шешкенді жөн санайды.

Жемқорлық фактілері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында жиі тіркеледі.