18 Ақпан, 2014

Мысырда туристерге лаңкестік әрекет жасалды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 02 - Misyr avtobusМысыр мен Израиль шекарасындағы Таба қаласында туристік автобусты жанкешті жарып берді. Бұл туралы Мысыр ішкі істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

Арнайы жүргізілген сараптама бұл терактіні 21 жасар Мысыр азаматының жасағанын анықтады. Оның денесіне салмағы 5-10 кило тартатын жарылғыш зат жапсырылған көрінеді.

Осының алдында бұл теракті туралы әртүрлі болжам айтылған еді. Соңғы тексеру қорытындысы христиан саяхатшыларының автобусын жоғарыда аталған азаматтың жарғанын дәлелдеп берді. Сол кезде Оңтүстік Кореяның үш азаматы мен жүргізуші қайтыс болған екен. Ал осы оқиғаны ұйымдастырушы ретінде  «Ансар Бейт аль-Макдис» экстремистік тобы танылды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com.

Фото: Itar-tass.com.