Әлем • 26 Қазан, 2021

Цифрлық валюта Нигерияға серпін берді – Бухари

778 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нигерияның Мемлекет басшысы Мохаммаду Бухари цифрлық валютаны пайдалану елдің ЖІӨ-ін 10 жылда 29 миллиард долларға арттырып, тікелей мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз етіп, тіпті салық базасын арттыра алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Цифрлық валюта Нигерияға серпін берді – Бухари

Нигерия цифрлық валютаны - электронды найра (naira) іске қосқан алғашқы Африка елі атанып, құрлықтағы өзге елдерге үлгі көрсетті. 

Орталық банктің басшысы Годвин Эмефиле 33 банк, 2000 тұтынушы және 120 сатушы Apple және Android қосымшаларындағы қолжетімді платформада сәтті тіркелгенін айтты.

Оның айтуынша, қаржы институттарына дәстүрлі валютамен тепе-теңдікті сақтайтын 200 миллионға жуық электронды найра берілген.