Аймақтар • 27 Қазан, 2021

Барлық саладағы көрсеткіштер сараланды

292 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен әкімдік жиыны өтті. Жиында биылғы жылғы 9 айдың қорытындысы сараланды. 

Барлық саладағы көрсеткіштер сараланды

Алғаш баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев жыл басынан бері өңірдің әлеуметтік-эконо­ми­­калық дамуын­да оң дина­ми­ка сақталып отыр­ғанын, қыс­қа­мерзімді эконо­микалық индикатор 104,6 пайызды құраға­нын атап өтті. «Атап айтқанда өнеркәсіп, тұрғын үй, инвестиция, көлік, байланыс, көлік салалары және өзіндік кірістер мен бюджеттің игерілуі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары қалыптасты. Инфляция деңгейі 106,5 пайызды, жұмыс­сыз­дық деңгейі 4,9 пайызды құ­рады. Өнеркәсіп өнімінің көле­мі өткен жылдың тиісті кезеңі­мен салыстырғанда 105,5 пайызды құрады. Өнеркәсіп құры­лымындағы 74,3 пайыз негізгі үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, мұндағы өсім 5,6 пайызды құрап отыр. Есепті кезеңде өңдеу­ші өнер­кәсіптің негізгі капиталына инвестициялар 2,5 есеге, яғни 44,1 млрд теңгеге, өңдеу өнеркәсібіндегі экс­порт­тың көлемі 1,2 есеге, 99 млн дол­лар­ға өсті. Бұдан бас­қа, сала­да­ғы өсімге кен өндіру өнер­кәсі­бі­нің 4,5 пайыз­ға, электр­мен жаб­дықтау 5,9 па­йыз­ға, сумен жаб­дықтау 14,8 па­йыз­ға артты. Өңір­лер бөлі­нісіне тоқталып өтсем, өнеркәсіп өнді­рісі кө­лемі­­нің өсімі барлық аудан­дар­­мен қамтамасыз етіліп, ең жо­ғары қарқын Тараз қаласында бай­қалады», деді Т.Мамаев.

Ал ауыл шаруашылығы өнімі 0,2 пайызға, яғни 309,1 млрд теңгеге өскен. Сондай-ақ 132,6 млрд теңгеге құрылыс жұмыс­тары жүргізіліп, 6,2 пайызға артқан. Құрылыс жұмыстары құрылымындағы 92,9 пайыздың негізгі үлесі жекеменшік қаражат болса, қалған 7,0 пайызы шетелдік меншік қаражаты болып табылады. Есепті кезеңде мемлекеттік меншік қаражаты 73,9 пайызға төмендеген. Т.Мамаев барлық аудандарда өсім оң қалыптасқанын айтты. Сонымен қатар, есепті ке­зеңде 480,6 мың шаршы метр тұр­ғын үй пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыс­тырғанда 11 пайызға артқан.

Жиында кәсіпкерлік, құры­лыс, ауыл шаруашылығы және өзге де салалар бойынша облыс әкімінің орынбасарлары Ал­мас Мәдиев, Рүстем Дәулет, Нұр­жан Нұржігітов, Дәулет Кәрібек баяндама жасады. Олар өңір бойынша өздері жетекшілік ететін салалардағы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Мәселен, жыл басынан бері негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі тұрақты өсуде. Бұл биылғы 9 айда 11 пайызға артып, 266,9 млрд теңгені құраған. Ал есепті кезеңде сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға, яғни 461,6 млрд теңгеге артқан. Оның ішінде бөлшек сауда айналымы 249,3 млрд теңгеге өскен. Өңірлер бөлінісінде Қордай ауданынан басқа барлық аудандар өсімге қол жеткізген. Ең жоғарғы өсімнің Талас, Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм және Т.Рысқұлов аудандарында байқалатыны айтылды. Сонымен қатар көлік қызметі 6,0 пайызға артып, 394,0 млрд теңгені құраған.

Бүгінде Тараз қаласы мен бар­лық аудандарда 9 айда көр­сет­кіштердің оң динамикасы байқалған. Дегенмен де өндеу өнеркәсібі – Мойынқұм ауданында, ауыл шаруашылығы – Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Талас аудандарында, инвестиция – Жамбыл, Меркі, Шу аудандарында және бөлшек сауда Қордай ауданында төмен деңгейде қа­лыптасып отыр. Енді биылғы жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 103,2 пайыз деңгейінде жоспарлануда. Болжамға сәйкес, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі – 104, ауыл шаруашылығы – 104,3, құрылыс – 109, сауда – 104,8 және көлік 101,3 пайыз деңгейде қалыптасады деп күтілуде. Сол сияқты, биылғы 1 қазанда облыс бюджетінің кірістері 334,1 млрд теңгеге немесе 104,0 пайызға орындалған. Меншікті кірістер 70,7 млрд теңгеге орындалып, 122,5 пайызға жетсе, 13,0 млрд теңге жоспардан артық түскен. Был­­тырғымен салыстырғанда өзін­­дік кірістердің өсімі 16,6 млрд теңгені құраған. Алайда жыл­дық жоспарды орындау бо­йын­ша салыстырмалы түрде Қор­дай ауданы – 71,8, Шу ауданы – 71,9 және Мойынқұм ауданы 72,7 пайыз­бен артта қалып келеді.

Жалпы, облыс бойынша бюджеттік қаражаттар 341,1 млрд теңгеге немесе 99,8 пайызға игерілген десек, 632,4 млн теңге әлі игерілмеген. Осы орайда, облыс әкімі Б.Сапарбаев бөлінген қаражатты игере алмай отырған тиісті басшыларға жылдың соңы таяп келе жатқанын, сондықтан да жұмыс істеу керектігін айтты. Мәселен, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Тараз қаласы мен Жамбыл, Т.Рысқұлов, Мойынқұм және Қордай аудандары қаражаттарды 100 пайызға игерген болса, Сарысу ауданы бойынша 99,8 пайызға, Байзақ, Меркі аудандары бойынша 99,7 пайызға, Талас ауданы бойынша 99,5 пайызға игеріліп отыр.

Облыс бойынша жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары ая­сында 50 492 адам немесе бекі­­тілген жоспардың 100,5 па­­йы­­зы қамтылған. Олардың ішін­­де 38 874 адамы жұмыс­қа орна­­лас­қан. Оның ішінде 25 239 адам тұрақты жұмыс орындары­на орналасқан. Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 29 674 жаңа жұмыс орны ашыл­са, оның 55,6 пайы­зы тұ­рақты. Ал мүмкіндігі шек­теу­лі жандарға облыс бойынша биыл­ға 574 адамды жұмысқа орна­ластыруға квота бекітілген. Бү­гінге бекітілген квота аясында 559 адам жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек есебінде 11 265 отбасындағы 56 724 адамға 2 578,1 млн теңге төлен­ген. Былтырғы 9 аймен са­лыс­тырғанда АӘК алушылар саны 5 108 адамға азайған. Ал 1 жастан 6 жасқа дейінгі 14 732 бала кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіліп, оған 354,6 млн теңге жұмсалған. Есеп­ті мерзімде 9,1 мың мүм­кін­дігі шектеулі жандар 17,5 мың техникалық оңалту құралдары­мен және 6,4 мың мүмкіндігі шек­теулі жандар оңалту қыз­мет­терімен қамтылып, оған рес­пуб­ликалық және жергілікті бюд­жеттерден 966,7 млн теңге жұм­салған. Мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тардың жеке оңалту бағдар­ламаларының орындалуы бүгінде 78,1 пайызды құрап отыр.

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жо­ба­сы аясында облыстың 67 ауыл­дық елді мекенінде 119 жоба­ны іске асыруға 8,8 млрд теңге бағыт­талған. Ал оның ішінде еліміздің Ұлттық қоры есебінен 7,1 млрд теңге бөлінген болса, жергілікті бюджет 1,7 млрд тең­гені құраған. Сонымен қатар жыл соңына дейін 3 мек­тепке жап­сар­лас ғимарат, 2 дәрі­герлік амбула­тория, 3 мә­де­ниет үйі, 8 спорт кешені сияқ­ты 16 нысан пай­далануға беріл­се, 4 су құ­бы­ры желілерін қай­та жаң­ғыр­ту, 7 мектептің қазан­ды­ғын көгіл­дір отынға ауыс­тыру және 2 ауыл­ішілік газ құбыр­лары­ның құрылысы салынады. Бұ­ған қоса, 20 әлеуметтік нысан күр­де­лі жөндеуден өткізіліп, 146 ша­­қы­­рымды құрайтын ауыл­іші­­лік жолдарға орташа жөндеу жұ­­мыс­тары жүргізілуде. Ал биыл­­­ға мамандарды әлеуметтік қол­­­дау шараларын іске асыру үшін «Дипломмен – ауылға» жо­басы аясында 247 маман үшін 1 071,2 млн теңге бюджет­тік несие қарастырылып, биыл 1 қазандағы жағдай бойын­­­ша 231 маманға тұрғын үй са­тып алуға немесе салуға 1 004,1 млн теңге несие берілген. Жер­гі­лікті бюджет есебінен 515 ма­манға біржолғы көтерме жәрдем­ақы­сын төлеуге 150,9 млн теңге қарастырылып, есепті кезеңде 376 маманға 109,8 млн теңге көтерме жәрдемақы берілген.

Жиын соңында облыс әкімі Б.Сапарбаев барлық аудан әкім­дері мен басқарма басшылары­на көрсетілген кемшіліктерді жою үшін жұмыс істеу керектігін айт­ты. Мемлекет басшысының тап­­сырмасында көрсетілген мін­дет­терді орындау маңызды еке­нін жеткізді. Сонымен қатар аудан әкімдеріне халықпен және ауыл әкімдерімен бірлесе жұмыс ат­қаруды тапсырды. Өңірдегі бар­лық сала бойынша жағдайды ба­қылауда ұстайтынын жеткізді.

 Жамбыл облысы