Спорт • 27 Қазан, 2021

Белградта белдеседі

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1-4 қараша күндері Сербияның астанасы – Белградта 23 жасқа дейінгі балуандар арасында грек-рим күресінен әлем бі­рін­шілігінің (U-23) жалауы жел­бірейді.

Белградта белдеседі

Балқан түбегінде Қазақстанның 10 өрені өнер көрсетеді. Сұлтан Әсетұлын биылғы жылдың сәуір айында Алматыда өткен Азия чемпионатында белдесетін балуандардың тізіміне қосты. Ересектер дуына енді ғана қосылғанына қарамастан Сұлтан ел сенімін ақтап, бас жүлдені қанжығасына байлады. Соның алдында ғана қандасымыз Италияда ұйымдастырылған аса ірі халықаралық тур­нирде күміспен күптелген еді. Таяуда Әсет­ұлы Ослода жалауы желбіреген әлем чем­пио­натында күш сынасу құрметіне бөленді. Скандинавия түбегінде жүлде бұйыр­мағанымен, жас балуан үшін бұл үлкен тәжі­рибе мектебі болғаны анық.

Сұлтан Әсетұлынан бөлек, Белградта Қазақ елінің намысын Арслан Абдурахманов (55 кило), Ғалым Қабдынасаров (60 кило), Асаухат Мұхамадиев (63 кило), Азат Садықов (72 кило), Дәулет Жалғасов (77 кило), Диас Қален (82 кило), Сайлау Мақсат (87 кило), Дәулет Досыбаев (97 кило) және Антон Савенко (130 кило) қорғайды.