Бокс • 27 Қазан, 2021

Әлем чемпионаты: Қазақ боксшыларының жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 қазан күні қазақстандық екі боксшы – Асланбек Шымбергенов пен Бек Нұрмағанбет Белградта өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты: Қазақ боксшыларының жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

Екеуі де жекпе-жегін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталатын күндізгі сессияда өткізеді.

Оны «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады. Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/32 финалда Иран боксшысы Фархад Моради Аташгахпен кездеседі, ал Нұрмағанбеттің 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалдағы қарсыласы бразилиялық Кено Мачадо болмақ. Еске сала кетсек, Белградта 2021 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы мынадай: Теміртас Жүсіпов (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмуд Сабырхан (54 кг), Серик Теміржанов (57 кг), Саматәли Төлтаев (60 кг), Санатәли Төлтаев (63,5 кг), Абылайхан Жүсіпов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Бек Нұрмағанбет (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг), Нұрлан Сапарбай (+92 кг).