19 Ақпан, 2014

Алыпсатарлықтың жазасы

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің айырбастау бағамымен алыпсатарлық әрекет жүргізгені үшін бірқатар ақша айырбастау пунктіне айыппұл салып, лицензияларының қызметін тоқтатты және өз филиалының екі қызметкерін қызметінен босатты. Ұлттық банк алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында қаулы қабылдаған еді. Сол қаулы шарттарының сақталуы бойынша жоспарланбаған 391 тексеру жүргізіліп өтті. «Қаулы шарттарын сақтамаудың анық­талған фактілері бойынша Ұлттық банктің аймақтық филиалдарымен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Қыл­мыстық кодекстің 188-бабының 3-тар­мағына сәйкес 2,8 млн. теңге көлемін­де айыппұл салынды», делінген Ұлт­тық банк баспасөз қызметінің мәлім­демесінде. Сонымен қатар, теңгенің айырбас­тау бағамымен алыпсатарлық әрекет жүргізгені үшін бес өкілетті құрылымның шетел валютасын айырбастау операциялары бойынша лицензияларының қызметі тоқтатылды. «Қызметтік міндеттеріне лайықсыз қараған­дары үшін Ұлттық банк филиал­дарының екі лауазымды қызметкері қыз­метінен босатылды»,  делінген Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәлім­демесінде.