Әдебиет • 27 Қазан, 2021

«Алихан Букейханов: человек – эпоха» кітабының тұсаукесері өтті

389 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семей қаласында ресейлік ғалым, Виктор Иванович Козодойдың «Алихан Букейханов: человек–эпоха» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Алихан Букейханов: человек – эпоха» кітабының тұсаукесері өтті

Алаш қозғалысының жетекшісі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның ғұмырнамасы мен тарихи тұлғасын зерделеуге арналған зерттеу еңбегінің тұсаукесері Семей қаласында Әлихан Бөкейхан атындағы университет қабырғасында өтті.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, жоғары оқу орындардың оқытушылары мен білім алушылары, әкімшілік өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, музейлер мен кітапханалардың басшылары, архив қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Рәсімді әлеуметтік желілер мен ZOOM видео байланыс жүйесі арқылы Қазақстан мен Ресейден мыңдаған көрермендер тамашалады.

Екі жарым жылдан астам ғылыми ізденістерінің нәтижесінде жарық көрген еңбегінде ғалым Әлихан Бөкейханға – Қазақстан тарихындағы тұтас дәуірдің – аумақтық, саяси, қоғамдық бытыраңқылық мерзімінен бастап, Ел тәуелсіздігін алғанға дейінгі кезеңнің өн бойына ықпал еткен тұлға деген ретінде баға береді. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында айрықша рөл атқарған қайраткерді автор «дәуір адамы» деп атады.

Кітапқа дереккөздер, материалдар мен фактілер, оның ішінде ғылыми айналымда бұрын пайдаланылмаған деректер, яғни мұрағаттық құжаттар, мемуарлар, саяси және мемлекеттік, партия және әскери қайраткерлердің естеліктері, сол жылдардағы газеттер мен журналдардағы жарияланымдар енгізілген. Кітап тарихшыларға, қоғамтанушылар мен саясаттанушыларға, студенттерге, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға арналып жазылған.

Айта кетсек, рәсім барысында ғалымға салтанатты түрде Әлихан Бөкейхан университетінің құрметті профессоры атағы берілді.

Алдағы уақытта кітап таныстырылымы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Қарағанды қалаларында өтеді. Кітап қазақ тіліне де аударылатын болады.

П