Қоғам • 27 Қазан, 2021

Бауыржан Бакиров БҰҰ өкілімен дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 27 қазанда, АҚДМ Дін істері комитетінің төраға орынбасары Бауыржан Бакировтың БҰҰ Контртерроризм басқармасының (БҰҰ КТБ) өңірлік үйлестірушісі Мурад Тангиевпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бауыржан Бакиров БҰҰ өкілімен дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

М.Тангиев зорлық-зомбылық экстремизм мен терроризм көріністерімен күрес саласындағы БҰҰ КТБ жұмысы, сонымен бірге терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизммен күрес мәселелерін үйлестіру бойынша Орталық Азия елдеріндегі БҰҰ КТБ жүргізетін жобалары жайында мәлімдеді.

Өз кезегінде, Б.Бакиров АҚДМ ДІК дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы, заңнама және экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша мемлекеттік бағдарламалар, сонымен қатар «Жусан» операциясы бойынша террористік белсенді аймақтардан қайтарылған азаматтарды оңалту және қайта интеграциялаудың қазіргі ахуалы жайлы баяндады.

Жалпы кездесу нәтижелі өтті, тараптар жұмыс байланыстарын және діни экстремизмнің алдын алу саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.