Аймақтар • 27 Қазан, 2021

Үлкен Алматы жағалауы абаттандырылады

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үлкен Алматы жағалауын реконструкциялау жұмысы келесі жылы басталады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үлкен Алматы жағалауы абаттандырылады

«Селден қорғау бөгетінен әл-Фараби даңғылына дейін және одан әрі Абай даңғылына дейін Үлкен Алматы өзенінің су қорғау белдеуі мен арнасын реконструкциялауды алдағы жылға жоспарлап отырмыз», деді Бақытжан Сағынтаев.

Соңғы екі жыл ішінде 84 нысан абаттандырылды. Былтыр «Қарасу» шағын ауданда жаңа рекреациялық аймақтың құрылысы жүргізілді. «Желтоқсан», «Дружба» саябақтары, «Жетісу-3» шағын ауданындағы сквер, «Южный» саябағы да абаттандырылды. 2021 жылы «Маяк» тоғайы, «Көкмайса» шағын аудандағы Есентай өзенінің жағалауы, Таулы қырат шағын ауданындағы учаске абаттандырылды, Ә.Қастеев музейі алдындағы фонтан, Абай атындағы опера және балет театры маңындағы сквер, Терренкур және Жарбұлақ, Тіксай өзендерінің арналары жөндеу жұмыстарынан өтті.

Жуырда К. Байсейітова көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы мен Қазақ-Британ техникалық университетінің саябағын абаттандыру және көгалдандыру көзделген.