19 Ақпан, 2014

Тәжірибелерімен бөлісті

387 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Словенияда жұмыс сапарымен болды. Мұнда ол Азаптауды алдын алудың ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) саласында  баршамен танылған оң тәжірибесі бар осы елдің аталған саладағы қызметімен танысты. Сапар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы мен Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының қолдауымен Қазақстандағы ҰАТ-тің қолданысқа енуінің қарсаңында өтті. Қазақстанның БҰҰ Азаптауға қарсы конвен­цияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау үшін Елбасы ҰАТ құру туралы заңға қол қойды және ол тұлғаны  азаптаудан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен қорғаудың конституциялық кепілдіктерін іске асыруға бағытталған. ҰАТ шеңберінде азаматтық қоғамдастықтың өкілдері алғаш рет жабық үлгідегі мемлекеттік мекемелерге (пенитенциарлық мекемелер, уақытша ұстау оқшаулағыштары, гауптвахталар, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, арнайы қабылдағыштар, наркологиялық және психиатриялық мекемелер және т.б.) кедергісіз кіруіне қолжетімді болу құқығына ие болды. Халықаралық практикада кең таралған «Омбудсмен+» моделіне сәйкес ҰАТ үйлес­тірушісінің функциясы Адам құқықтары жөнін­дегі уәкілге жүктелген. Өткен сапар азаптауды алдын алу мәсе­лесі бойынша ғана емес, құқық қорғау пробле­маларының барлық спектрлері бойынша ой-пікірлер мен  тәжірибемен ауқымды түрде алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Словения Омбудсмені Влада Нуссдорфер екіжақты кездесу барысында Омбудсменнің делдал болу жағдайында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамдастық арасындағы құрылымды үнқатысу орнықтыру қажеттілігін айрықша атап өтіп, ҰАТ құру мен қызмет етуі тәжірибесімен бөлісті. А. Шәкіров әріптесін ұлттық құқық қорғау мекемесінің қызметі туралы, сондай-ақ, Қазақстан үшін тұжырымды жаңа құқықтық тетікті іске қосу дайындығы туралы жан-жақты хабардар етті. – Тұлғаның құқықтарын жан-жақты қор­ғау бойынша қызмет «Қазақстан-2050» Стра­тегиясын іске асыру аясында азаматтардың адами әлеуетін арттыру бөлігі ретінде мем­лекеттің назарында, – деп атап өтті қазақ­стан­дық Омбудсмен. Сапар шеңберінде қазақстандық делега­цияның мүшелері Нова Горица қаласындағы Копер пенитенциарлық мекемесінде мони­торингтік бақылауға қатысты. Нәтижесінде омбудсмендер екіжақты ынтымақтастықты жалғастыру мен кеңейту туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлады Қазақстан Респуб­лика­сындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.