Экология • 28 Қазан, 2021

Ақмолада 273 қарағай қазып алған браконьерлер ұсталды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында браконьерлер 273 жас қарағай қазып алған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмолада 273 қарағай қазып алған браконьерлер ұсталды

Оқиға 25 қазанда болған. Сағат 18:35-те Зеренді аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Баратай ауылындағы орман алқабында белгісіз адамдар жас қарағай түптерін қазып алып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері қаскүнемдердің жеке басын анықтады. Олар бұрын сотталмаған Семей қаласының 55 жастағы тұрғыны мен DAF жүк көлігіне ағаш тиеген Нұр-Сұлтан қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Браконьерлер 273 қарағай қазып алып үлгерді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 340-бабы 1-бөлігі «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Еске сала кетсек, Ақмола облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазан мен 19 қараша аралығында «Браконьер» жедел-алдын алу ісшарасы өткізіледі.