Оқиға • 28 Қазан, 2021

Жалған ақпарат таратқан әйел 10 тәулікке қамалды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Антиваксер Айна Бәкеева мектеп оқушыларын дәретханада құпия вакцинациялау туралы жалған ақпарат таратқаны үшін 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалған ақпарат таратқан әйел 10 тәулікке қамалды

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Айна Бәкеева ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі), 10 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды», деп жазады Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, Қазнетте елордалық №58 мектепте балаларға жасырын түрде дәретханада екпе жасалып жатқаны туралы жалған хабарлама тараған болатын. Білім басқармасы бұл жалған ақпарат екенін нақтылады.

Сонымен қатар, Айна Бәкеева және тағы бірнеше адам елордалық мектепке кіріп, барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзып, дәретханада екпе салу фактісін дәлелдеуге тырысқан. Бұл туралы бейне әлеуметтік желілерде жарияланған.