Аймақтар • 28 Қазан, 2021

Жүргізуші куәлігінен айырылғандарды арнайы бағдарлама анықтайды

737 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында автокөлікті жүргізу құқығынан айырыла отырып, көлік тізгіндеген жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік беретін сервис іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүргізуші куәлігінен айырылғандарды арнайы бағдарлама анықтайды

Көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, машинаның рульінде отырған жүргізушілерді іздеу жөніндегі жаңа технология ЖП жедел басқару орталығының базасында жұмыс істейді, олар қаланың бейнебақылау жүйелеріне байланыстырылған.

Мас күйінде көлік жүргізу жауапкершілігі заңнамалық деңгейде күшейтілді. Бұл құқық бұзушылық үшін жеті жыл мерзімге КҚ басқару құқығынан айыру, сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу көзделген.

«Өкінішке орай, іс жүзінде кейбір жүргізушілер куәлігінен айырылып, өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, қайтадан рульге отырады, бұдан да сорақысы - көлікті мас күйінде айдау. Ал мұндай қылмыстық немқұрайдылық қайғылы салдарға әкелуі мүмкін», деп жазды Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Telegram-да.

Полицияда іске қосылған жаңа сервис көлік құралын бейнетіркеу жүйесі анықтағаннан кейін жедел ұстап алу және оны тоқтату үшін патрульдік нарядтарға деректерді беруге мүмкіндік береді.