Сенатор Бауыржан Қаниев Үкіметтің негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша қабылдаған шараларын сынға алып, Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында жағдайды жақсартуға ықпал ететін бірқатар қадамдар ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Сенатордың айтуынша, жалпы ішкі өнімнің құрамындағы отандық тауар өндірушілердің үлесі шамамен 30 пайызды құрайды, ал азық-түліктің 70%-ы елге импортталады, бұл бағаның өсуіне ықпал етпей қоймайды.
Депутат Ұлттық статистика бюросының 2021 жылдың басынан бастап сәбіз 45%-ға, картоп 38,5%-ға, күнбағыс майы 16,7%-ға, пияз 10,9%-ға және қант 9,2%-ға қымбаттағаны туралы деректерімен бөлісті.
«Үкімет бағаны екі тәсілмен тұрақтандыруға тырысып жатыр, бірақ айтарлықтай нәтиже жоқ. Біріншісі – 6 пайызбен кәсіпкерлерге несие беру арқылы. Бірақ оған көп кәсіпкерлердің және шаруа қожалықтарының қолы жетпей отыр. Екіншісі – азық-түлікті төмендетілген бағамен сататын әлеуметтік дүкендер арқылы. Бұл дүкендердің саны аз, ішкі нарықты толығымен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да бұл тәсілдер нарықтағы бағаға көп әсерін тигізе алмай отыр. Сондықтан Үкімет ең алдымен әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты шекті бағаны бекітіп, өкілетті орган бағаның өзгеруін қатаң түрде бақылауы тиіс», деді депутат.
Бауыржан Қаниев, сондай-ақ, Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында көтерме сауда орталықтары желісін дамыту және баға белгілеуді жетілдіру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдармен кездесу өткізгенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша арнайы әзірленген ұсыныстар Үкіметтің атына жолданды.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар