Тараптар екі елдің әскери ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Пәкістан делегациясы Қазақстан-Пәкістан бірлескен әскери комиссиясының алтыншы отырысына қатысу үшін келді.
Отырыста Қазақстан мен Пәкістан әскери ведомстволарының 2021 жылғы бірлескен жұмысының қорытындылары шығарылып, 2022 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды. Жаңа жоспардың жобасына жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және өзара қызығушылық тудыратын әскери қызметтің басқа да салаларының іс-шаралары енгізілді.
Қазақстанға сапары аясында Пәкістан делегациясы Алматыдағы бітімгершілік дайындық орталығына барады.