Бокс • 28 Қазан, 2021

Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн нақтыланды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ESPN телеарнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн нақтыланды

Қазақстандық боксшының қарсыласы Риота Мурата (16-2, 13 КО) болады, ал жекпе-жек 29 желтоқсанда Жапонияның Сайтама Saitama Super Arena-да өтеді. WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Кездесудің ресми анонсы келесі аптада жариялануы тиіс.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин өткен жылдың желтоқсан айынан бастап поляк боксшысы Камил Шереметаны (21-2, 5 КО) жетінші раундта нокаутқа жіберген болатын.