Спорт • 28 Қазан, 2021

Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі басталды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Аренада» мәнерлеп сырғанаудан екінші Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі басталды

Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырып жатқан жарыс 31 қазанда мәресіне жетеді. Биыл мәнерлеп сырғанаудан «Челленджер» (ISU Challenger Series) санатында 7-ші жарыс саналатын Denis Ten Memorial Challenge турнирінде 16 елден келген 100-ден астам спортшы бақ сынайды. Оның ішінде биылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері, Бейжіңде өтетін Олимпиадаға баратын мәнерлеп сырғанаушылар бар.

Турнирде бақ сынайтын қазақстандық спортышылар: ерлер арасындағы жекелей сында – Рахат Бралин, Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев. Әйелдер арасында – Анастасия Лобанова, Богдана Ракишев мен Ясмина Текик. Ал жұптық сында ел намысын Гаухар Наурызова/Боянсангур Датиев және Максин Уэзерби/Темірлан Ержанов жұбы қорғайды.

Турнирде Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жоғары санатты 36 төрешісі қызмет етеді.