19 Ақпан, 2014

«Теңізшевройл» жалақыны екінші рет өсіреді

434 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елбасының қамдағаны – елге қамқорлық

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізге шетел инвестициясын салуға ынта танытқан инвестордың бірі – «Шеврон» корпорациясы. Ел Үкіметі мен аталған инвестордың қатысуымен құрылған «Теңізшевройл» бір­лескен кәсіпорнының «Теңіз» ке­нішін игергеніне 20 жылдан асты. Осы кезеңде тек мұнай өндіріп қана қоймай, өңірдің әлеуметтік мәселелерінің оң шешілуіне де кеңінен атсалысып келеді. «Әлеуметтік салаға инвестиция бөлудегі негізгі ұстаным бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен этикасын сақтай отырып, жергілікті кәсіпкерлік пен қауымдастықты барынша қолдау», деп түсіндіреді «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының бас директоры Тим Миллер. «Теңізшевройл» 2009 жылдан бе­рі әлеуметтік серіктестікке не­гіз­делген әлеуметтік инвес­­ти­ция­лардың әдеттегі филан­тропиялық моделінен бас тартып, бұл күндері әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде тәжірибесі мол үкіметтік емес ұйымдармен жұмысын жал­ғастыруда. Осы орайда жылдық бюджеті 1 миллион АҚШ долларын құрайтын әлеуметтік инве­с­тициялар бағ­дар­ламасы денсау­лық сақтау, білім бе­руге бағыт­талған жобаларды та­быс­ты жүзеге асыруға мүмкіндік беру­де. Дегенмен, бірлескен кәсіп­орын­ның әлеуметтік инвестиция­сы кез келген бағдарламаны қаржы­ландыруға жұмсалмайды. ТШО-4 Кәсіп­орын бөлімдерінің білікті мамандарынан құралған әлеуметтік инвестициялр жөніндегі кеңес жыл сайын үкіметтік емес ұйымдардың жо­баларын терең талқылап, жергі­лікті халыққа берер пайдасына, өңірдің өзекті әлеуметтік мәсе­ле­лерін шешуге оң ықпал ететіндігіне бай­ланысты түпкілікті шешім қабыл­дайды. Соңғы жылдары бірлескен кәсіпорынның осы саладағы жобалары маңыздылығымен ерекшеленді. Мәселен, Қазақстанның отба­сы­лық дәрігерлер ассоциациясы­мен бірлескен жобада қан қысы­мының жоғарылауының түрлі себептеріне талдау жасалды. Ал академик З.Қабдолов қорымен бірлесе өткізілген «Мен қазақша білемін!» атты жобаға өңірдегі өзге ұлттың өкілдері көптеп қатысып, мемлекеттік тілді меңгерудегі қадамына қолдау жасалды. Осындай жобаларымен елдің, ұлттың саулығы мен мүддесін көздеген бірлескен кәсіпорын 1993 жылдан бері Атырау облысындағы әртүрлі әлеуметтік жобаларға 860 миллион АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. Енді биылғы жылы да мұнайлы өңірдің денсаулық сақтау және білім беру салаларына қолдау көрсету мақсатымен әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қомақты қаржы салғалы отыр. Сонымен қатар, «Теңіз­шев­ройл» өз қызметкерлерін әлеу­мет­тік тұрғыдан қолдауды бас­ты қағида ретінде ұстанады. Осыған дәлел ретінде әр жыл сайын әр қыз­меткердің жалақысына үсте­ме қосылатынын айта аламыз. Ал биылғы ақпан айы­нан бас­тап бірлескен кәсіп­орын­ның ортақ табысына өз үле­сін қосқан қызметкерлер жала­қы­сы 10 пай­ыз­ға өсірілді. «Теңізшев­ройл­дың» бас директоры Тим Мил­лер­дің ай­туынша, ұжымның әр мүше­сіне әрдайым қолдау көрсетіліп ке­леді. Мұндай әлеуметтік маңыз­ды қолдау алдағы уақытта да жал­ғастырыла бермек. Бас директор Т.Миллер ұжым мүшелерін алдағы 1 сәуірден бастап қызметкерлердің басым бөлігі үшін жалақы 9 неме­се одан да артық пайызға өсетін­дігімен қуантып отыр. Осылайша, «Теңізшевройл» бірлескен кәсіп­орны жыл басынан бері өз қыз­меткерлерінің жалақысын екінші рет өсіруді қолға алмақ. – Өткен аптада Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баев ірі компанияларға өз қыз­мет­керлерінің жалақыларын 10 пай­ызға арттыруға ұсыныс жасады. Мемлекет басшысының бұл ұсы­нысы «Теңізшевройл» бас­шы­лығы тарапынан кең қолдау тау­ып, қызметкерлер жалақысын өсі­руге шешім қабылдадық. Біз­дің кәсіпорын осы шешімі ар­қы­лы Президент тапсырмасын алғаш­қы­лардың қатарында орындап отыр, – деді бас директор Т.Миллер. Бас директор жалақыға қосыл­ған 10 пайыздық арттыру, кейінгі сәуір айындағы жоспарланған жалақы мөлшерін көтеру «Теңіз­шевройл» басшылығының ең үздік мұнай және газ өндіруші кәсіп­орындарының қатарына қосудағы қызметкерлердің тынымсыз еңбе­гін орынды бағалап, олардың алдын­дағы міндеттемесін орындап отырғандығы, деп атап өтті. «Теңізшевройлдың» өз қыз­мет­керлеріне қажетті қолдау көрсетуді көздеген бағдарла­ма­лары көп. Солардың қатарында тұр­ғын үйді несиелеу мен бі­лім гранттарын, фитнес-клуб жар­налары және көптеген бонус­тық бағдарламаларды айту­ға болады. Мұның барлы­ғы «Теңізшевройлдың» қызмет­кер­леріне бәсекеге сай жалақы мен әлеуметтік пакет ұсына алаты­нын, сонымен бірге, осындай бағдарламалар арқылы өз өнді­рі­сіне қажетті ең үздік және жоғары білікті мамандарды жұмысқа тартуды қамтамасыз етуге қабілетті екенін байқатады. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,  «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.