Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, азаматтық қорғау аға сержанты Берік Қалықов Семей қаласында қызмет етеді. Өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істейді.
«26 жастағы өрт сөндіруші мектеп қабырғасынан спортпен, кикбоксингпен белсенді айналысады. Ол жарыстың маңыздылығын, деңгейін түсініп, әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалды. 65 елден 1600 спортшы чемпионатқа қатысты. Берік Қалықов тамаша нәтижемен, Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды», деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.
Басқарма мәліметінше, барлық әріптесі Берікке жанкүйер болған. Ол 2016 жылдан бастап төтенше жағдайлар жүйесінде қызмет етеді. Жастығына қарамастан 13 рет өрт ошағына барып, 20 адамды құтқарған.