Қоғам • 28 Қазан, 2021

Ералы Тоғжанов құрылатын жаңа жұмыс орындары туралы айтты

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада өткен «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форумда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов алдағы уақытта құрылатын жаңа жұмыс орындары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ералы Тоғжанов құрылатын жаңа жұмыс орындары туралы айтты

«Үкімет еңбек адамының беделін арттырып, табысын көтеруге бағытталған кешенді нақты жұмыстарды іске асырып жатыр. Біріншіден, әлеуметтік саясатта қарапайым еңбек адамының табысын арттыруға басымдық беріліп отыр. Атап айтқанда, биыл еңбекақы теңсіздігін болдырмауға бағытталған жұмыстар аясында елімізде 900-ге жуық кәсіпорында 600 мыңнан астам жұмыскердің жалақысы орта есеппен 25 пайызға артты. Азаматтық қызметшілер жалақысы орта есеппен 19-дан 45 пайызға дейін көтерілді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының шешімімен келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері артатын болады. Нәтижесінде, 1,7 млн жұмыскердің табысы өседі», деді Е.Тоғжанов.

Оның айтуынша, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Нәтижесінде, жыл басынан бері 1 млн-нан астам адам жұмыспен қамту іс-шараларына тартылып отыр.

«Жұмыссыздық деңгейін айналамыздағы жағдайға, пандемияға қарамастан, 4,9 пайыз деңгейінде сақтап қалуға мүмкін болды. Нақты қабылданған шаралардың арқасында осы деңгейде қалыптасты. Сонымен қатар, 12 қазанда Үкімет отырысында бекітілген ұлттық жобалар аясында 2025 жылға дейін 1,7 млн жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр», деді Үкімет басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03