Үкімет • 28 Қазан, 2021

Әлеуметтік кодекс қашан қабылданады?

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ҚР Әлеуметтік кодексінің тұжырымдамасы қашан қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік кодекс қашан қабылданады?

«Министрлік ҚР Әлеуметтік кодексінің тұжырымдамасын әзірлеуде. Ол 2022 жылы қабылданады, ал кодекстің өзін 2023 жылы қабылдауды жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік кодекстің басты жаңалықтарының бірі әлеуметтік қызметті жетілдіру және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі жеке тарау болады», деді А. Сарбасов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, әлеуметтік қызмет моделі жаңғыртылады.

«Әлеуметтік қызметкерлерді аккредиттеу, аттестаттау, жан басына қаржыландырудың жаңа моделі енгізіледі, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі артады және тағы басқа шаралар қабылданады», деді Ақмәди Сарбасов.

Айта кетейік, бүгін онлайн режимде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесінің XXXIV отырысы өтті.