Қоғам • 29 Қазан, 2021

Тұтынушы құқы аяқасты болып тұр

362 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Соңғы уақытта тұтынушылар құқығы жиі назарға алына бастады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 8 164 өтініш келіп түскен. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 мыңға көп екен.

Тұтынушы құқы аяқасты болып тұр

Сауда және интеграция ми­­нис­трлігінің тұтынушы­лар­­дың құқықтарын қорғау ко­ми­те­тінің хабарлауынша, биыл алғашқы алты айда мем­ле­кеттік органдар өз құзы­ре­ті шеңберінде тұты­ну­шы­лардың тарапынан түскен 21 100 өтінішті қараған. Бұл былтырмен салыстырғанда 5 061-ге аз. Шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда тауарларына тиесілі. Сауда жүр­гізушілердің көбі сапасыз та­уарларды сату барысында ақ­ша­ны қайтарудан бас тарт­қан. Электронды сауда бөлі­гін­де өтініштер саны 3,6 есе артқан.

«Талдауға сәйкес, тұтыну­шы­лардың құқықтары көбі­не­се медициналық қызметтер саласында бұзылады, онда шағымдардың саны 72 пайыз­ға артты. Азаматтардың на­ра­зы­лы­ғы дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасының өсуіне, жедел медициналық жәрдемді ұзақ күтуге, емханадағы кезектерге, медицина маман­да­рының біліктілігінің төмен­ді­гіне байланысты. Бұдан басқа, денсаулық сақтау сала­сын­да­ғы уәкілетті орган өнім­нің қауіп­сіздігіне мони­торинг жүр­гізді, оның барысында тамақ өнімдерінің 12 117 үл­гі­сі зерттелді, оның 1 376-сы бел­гі­ленген талаптарға жауап бер­меді. Сондай-ақ халықтан қар­жы, көлік қызметтері, байланыс, ТКШ сапаларына қатысты көптеген шағымдар келіп түс­ті», делінеді министрлік ха­бар­ламасында.

Мәселен, қаржы секторы бойынша негізінен екінші деңгейлі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыра­тын ұйымдардың, микро­қаржы, сақтандыру ұйым­да­ры­ның қызметіндегі мәселелер бо­йынша шағымдар болған.

Ал көлік қызметтері сала­сын­­да өтініштер саны 6 есе тө­­мендеген. Бұл бірінші ке­зек­те пандемиядағы жол­са­пар­дың азаюына байланыс­ты. Байланыс саласында да өтініштер статистикасы тө­мен­депті. Шағымдардың не­гізгі себептері – интернет­тің әл­сіз сапасы, тарифті өзгер­ту­дің қиындығы, ақшаны не­гіз­сіз алу.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы шағымдар жылумен, энергия­мен жабдықтау бойынша сапасыз сервиске, тарифтердің шамадан тыс мөлшеріне және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша негізсіз есеп­теу­лерге, электр энергия­сын есепке алу аспаптарын заңсыз тексеруге және ауыстыруға, электр энергиясын өшіруге және басқа да көптеген проблемаларға байланысты екен. 2020 жылы тұты­ну­шылардың құқық­та­рын қорғау мәселелері бойын­ша әлеуметтік сауалдама жүр­­гізілді, оның нәти­же­лері аза­­мат­тардың ден­сау­лық сақ­тау жұмысына ең көп наразылығын анықтады дейді министрлік.

«Респонденттердің 45,9 па­­йызы медициналық қыз­мет көр­сету сапасын теріс баға­ла­ды. Бұл қыз­мет­тер­ге Алматы қаласының тұрғындары – 65,5 пайыз, Алматы облысы – 61,1 пайыз және Шығыс Қазақстан облысы 60,0 па­йыз қанағаттанбайды. Екінші орында теміржол көлігі болды, онда респонденттердің қанағаттанбау пайызы 43,2 пайызды құрайды. Теміржол қыз­меттерінің сапасына қана­ғат­­­­танбағандардың басым бө­лі­­гі Шымкентте – (51,4 па­йыз), Алматыда – (50,3 па­йыз), Алматы облысында (48,8 па­йыз) тұрады. 42 пайыз теріс жауап алған қалааралық және авто­мобиль көлігіне де қа­тыс­ты. Тұтынушылар сотқа жүгін­бестен бұрын үш сатылы тетік­тің алғашқы екі кезеңінен дәйекті түрде өтуге міндетті. Бі­рінші кезең – сатушы және тұ­­тынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектісі. Екін­ші кезең – мемлекеттік орган. 2021 жылдың 5 айында тұтынушылық даулар бойынша соттарға 916 талап арыз түсті. Оның ішінде: 339 немесе 37 пайызы сотқа дейінгі реттеуге бірінші кезеңге қай­та­рылды, 235 немесе 26 па­йызы уәкілетті органға жүгіну қа­жеттілігіне сілтеме жасай отырып қайтарылды» деп хабарлады ведомство.