Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жадыра Амангелдиева грек жаңғағының ұнтақталған қабықтарынан ыдыс жасап шығарды. Табиғи таза өнімнен жасалған жаңалығы үшін оқушы авторлық құқық куәлігін де алды.
Оқушының мектеп қабырғасында бірнеше жыл бойы тәжірибе жүргізіп, жақсы нәтижеге жетуіне химия пәнінің мұғалімі Гүлжан Базаеваның да көп көмегі тиген. Шәкірті мен ұстазы табиғи таза өнімнен бір реттік қолданыстағы ыдыстар шығаратын әртүрлі елдердің тәжірибесін зерттеген. Мәселен, Ресей Федерациясында жүгері крахмалынан, Израильде апельсин қабығынан, Мексикада авокада жемісі сүйегінен бір реттік қолданыстағы ыдыстар мен қасық-шанышқылар сатылымға шығарылып келеді.
– Жаңғақ ағаштары еліміздің оңтүстігіне жақсы бейімделген. Алайда біз адам ағзасына өте пайдалы осы өнімнің дәнін тұтынамыз да, жарамсыз болғандықтан қабықтарын лақтырып тастаймыз. Осы мәселенің шешімі ретінде жаңғақ жемісінің қабықтарын кәдеге асырып, шикізат түрінде қолданып көрмек болдым, – дейді жас химик.
Зияткерлік мектеп оқушысы балға, жаңғақ ұсатқыш, кәдімгі еттартқышты қолданып, химиялық қоспа арқылы біртекті ұнтақталған жаңғақ қабықшаларын ыдыс қалыбына келтіріп, оның ыдырауын бақылау үшін топыраққа көміп қойған. Топыраққа көмген жаңғақ ыдыстың салмағы 3,413 г болса, бір жылдан кейін одан 1,090 грамм ғана қалған. Сөйтіп оқушы мен мұғалімі жаңғақ қабықтарынан жасалған ыдыстың пластикалық материалға қарағанда екі мың есе тез ыдырайтынын анықтаған.
Бүгінде Жер шарында пластик қалдықтарынан жасалған қоқыстарды жою ғаламдық үлкен мәселеге айналды. Өйткені әлемдегі қоқыстың көп бөлігі табиғи ыдырауы нашар пластик ыдыстар мен құтылар, пакеттерден құралады. Салыстыра қарағанда, дүние жүзіндегі жаңғақ өндірісі жылына 2,5 миллион тоннадан асқанымен, оның 1 миллион тоннадан асатын қабықшалары пайдаға аспай жатады. Жадыра Амангелдиева зерттеу жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырып, тауарын бір реттік қолданыстағы ыдыстар өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге ұсынбақшы.
АҚТӨБЕ
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Түркия Қазақстанға 3,5 мың дана Құран кітабын сыйлады
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар