Спорт • 29 Қазан, 2021

Әлем чемпионатына аттанды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы демалыс күндері Түркияның Ыстанбұл қаласында грепплингтен AIGA (Amateur International Grappling Association) деген атаумен әлем чемпио­наты өтеді.

Әлем чемпионатына аттанды

Бұл жарыста Қазақ елі намысын Мәулен Апендин пен Самат Айтпанбет (60 кило), Нариман Мыңбаев (65 кило), Айдар Түлей­баев (70 кило), Османжан Қасымов (77 кило), Руслан Исраилов (83 кило), Мухам­мад Цакаев (91 кило) және Рамазан Құ­сайынов (+91 кило) қорғайды. Жекпе-жек десе делебесі қозатын жанкүйерлер бұл спортшылардың барлығын да жақсы біледі. Жоғарыда есімдері аталған жігіттердің алды әлемдік додаларда жеңіс тұғырына көтерілсе, өзгелері аса ірі халықаралық турнирлер мен құрлықтық жарыстарда жүлде алып жүр.

Жарыстың алғашқы күні әлемнің бірқатар мемлекетінен келген спортшылар жекелеген салмақ дәрежелері бойынша жүлделерді сарапқа салса, соңғы күні командалық сайыс өтеді.