Қазақстан • 29 Қазан, 2021

БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Орталық Азиядағы аймақтық өкілі мәжіліс депутаттарымен кездесті

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан және депутат Артур Платонов Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия жөніндегі аймақтық өкілі Ханс Фридрих Шоддермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Орталық Азиядағы аймақтық өкілі мәжіліс депутаттарымен кездесті

Отырыс барысында Айгүл Құспан Қазақстан БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының жұмысын жоғары бағалайтынын және ұйыммен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде, мейман босқындардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сонымен бірге, кездесуде тараптар ұйымның еліміздегі қызметінің нәтижелерін, Ауғанстандағы жағдайды, азаматтығы жоқ адамдарға құжаттарды алуға көмек көрсетуді және басқа да мәселелерді талқылады.