Қоғам • 29 Қазан, 2021

Маңғыстаудағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде жарақат алған 5 әскери қызметшінің денсаулығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстаудағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Ведомство мәліметіне сүйенсек, оқиға 27 қазанда болған. Зардап шеккен барлық әскери қызметші авиациямен елордадағы госпитальге жеткізілген.

«Мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде жарақат алған 5 әскери қызметші әскери-көліктік авиация ұшағымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас әскери-клиникалық госпиталіне жеткізілді. Әскери қызметшілерді хирургия саласының мамандары тексерді, олардың жағдайы бір қалыпты, нашарламаған. Диагностикалық және емдеу процедураларының барлық кешені жүргізілуде.

Қорғаныс министрлігі жалған ақпарат таратпауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды», делінген ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.