Қорғаныс министрлігі барлық мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарымен конструктивті қарым-қатынас қалыптастыруға ұмтылып келеді. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту және біліктілігі жоғары әскери мамандар даярлау саласында қарқынды ынтымақтастық жасауға ерекше назар аударылады. – Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі үшін Қазақстандағы өндірісті дамыту басымдыққа ие. Біз Эйрбас, Еурокоптер сияқты ірі әскери техника өндіруші компаниялармен ынтымақтастық жасаймыз, Еуропа және Түркия компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құрылды. Қазақстан Қорғаныс министрлігі армияны әскери-техникалық жарақтандыруға үлкен көңіл бөліп отыр, – деп шетелдің әскери өкілдерімен кездескен Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайымов атап өтті. Әскери атташелермен кездесуде Қорғаныс министрлігінің офицерлері баяндама жасады, олар халықаралық әскери ынтымақтастық саласындағы жұмыс туралы әңгімелеп, қонақтарды кәсіби негіздегі армия жасақтау тұжырымдамасымен таныстырды. Бұдан басқа, кездесу барысында Қорғаныс министрлігі 2014 жылға жоспарлап отырған іс-шаралар талқыланды. Биылға жоспарланған Қазақстан Қарулы Күштеріндегі ірі оқиғалардың бірі – «КАDЕХ-2014» ІІІ халықаралық көрмесінің өткізілуі. Іс-шараға даярлық туралы әңгімелеген Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы, генерал-майор Талғат Жанжүменов Қорғаныс министрінің атынан әскери делегацияларды мамыр айының соңына қарай Астана қаласында өтетін қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға шақырды. «КАDЕХ-2014» шеңберінде қатысушылар қорғаныс-өнеркәсіптік компаниялардың жаңалықтарымен танысып қана қоймай, оларға іскерлік келіссөздер жүргізу алаңы ұсынылатын болады.
«Егемен-ақпарат».

Франция құрамасы Сенегалды 3-1 есебімен тізе бүктірді
Спорт • Бүгін, 02:05
Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше