Иә, Батыр Жүкембаев канадалық промоутерлік ұйыммен келісімшартын бұзды. Бұл туралы Le Noble art de la boxe au Québec сайты ақпарат таратты.
«Промоутерлік ұйым жетекшілері қазақ боксшысы Батыр Жүкембаевпен жұмысын тоқтатты. Ұйым боксшының шарт бойынша атқарған жұмысына алғыс білдіреді. Спортшының кәсіби мансабына тек сәттілік тілейді», делінген хабарламада.