Қоғам • 31 Қазан, 2021

Азаматтық қоғам және өзара іс-қимыл тақырыбында семинар ұйымдастырылды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің барлық өңірлік ішкі саясат басқармаларынан 100-ден астам қызметкер азаматтық қоғамды дамыту саласында кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша теоретикалық-практикалық семинарға белсенділікпен қатысты.

Азаматтық қоғам және өзара іс-қимыл тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Іс-шара барысында тәуекел топтармен жұмыс істеу ерекшеліктері, ҮЕҰ мемлекеттік қаржыландыру тетіктері, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, сондай-ақ халықпен коммуникация сұрақтары әңгімеге арқау болды.

Семинардың спикерлері ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының, Red Point маркетингтік коммуникациялар қызметінің кәсіби сарапшылары мен тренерлері Меруерт Жүнүбек, Жасұлан Бисембиев, Тоғжан Зейденова, Дулат Өтеғали, Әсел Қожақова болғанын айта кеткен жөн.

Қатысушылар мемлекеттік органдар қызметкерлерінің практикалық дағдыларын одан әрі жетілдірудегі семинардың өзектілігін атап өтті.

«Семинарда дағдарыс жағдайында өзіңді қалай ұстау, тиімді шешімдер қабылдау, жағдайды талқылау туралы пайдалы, қажетті ойлар айтылды», - деп атап өтті семинарға қатысушылардың бірі, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының саяси жұмыс және қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әсем Әзірбаева.

Онлайн-семинарды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті ұйымдастырды.