Әлем • 31 Қазан, 2021

Кибершабуылға АҚШ пен Израильді кінәлі санайды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«АҚШ пен Израиль Иранның жеңілдетілген жанармай сату жүйесін бұзған кибершабуылдың артында тұр», деді Иранның Азаматтық қорғаныс ұйымының басшысы Голам Реза Джалали, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кибершабуылға АҚШ пен Израильді кінәлі санайды

Иран АЭС-і кибершабуыл нәтижесінде істен шыққан болатын. Жанармай құю бекеттерінің көпшілігі жабылды, өйткені ирандық жүргізушілер көліктеріне жанармайды карталар арқылы құйғанды жөн көреді. Себебі онда жеңілдік қарастырылған. Кейін барлық жанармай құю бекеттері қалыпқа келген. Оқиға жанармай бағасының көтерілуіне себеп болған жоқ.

Иранда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қарсы мұндай кибершабуылдар бірінші рет болып отырған жоқ. Шілде айында Иранның Көлік министрлігінің компьютерлік жүйелері істен шыққан еді.