Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрме ашылды.

Көрме сөресіне Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында жинақталған Қазақстан тарихына қатысты сирек кітаптар, қазақ хандарының хаттары, Ұлы дала бейнеленген ежелгі карталар, сонымен қатар Қазақ хандығы дәуіріне тән тарихи қолжазба құжаттар қойылған екен. Атап айтсақ, ежелгі түркі-қыпшақ даласы бейнеленген ХVІІ ғасырда нидерландтық картограф Ф.Де Вит сызған карта және ХVІ ғасырда ағылшын дипломаты Энтоний Дженкинсон жасаған Азия картасы қатарлы құнды дүниелермен бірге, қазақ тарихына қатысты деректік мағлұматқа бай қолжазба-кітаптар қойылыпты. Олардың арасында ХІІІ ғасырда өмір сүрген тарихшылар – Зайнаддин Васифи Харавидың «Бадай ал-вакай» туындысы, Рузбихан әл-Исфаханидың «Мехманнама Бұхара» кітабы, күллі түркі жұртына ортақ ғұлама Мұхаммед Хайдардың «Тарих Рашиди», Кази Ахмад Ғафаридың «Тарих Джахан ара» секілді құнды еңбектері көпшілікке ұсынылды.
Осы орайда маңызды жиынды ашып, көпшілікке аталған шараның мақсаты жайлы таныстырған Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш: «Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: ««Мәдени мұра» бағдарламасы ұлт шежіресін түгендеуге жол ашты. Отандық тарих ғылымы тың серпінмен дамып, түрлі бағыт бойынша көптеген зерттеу жүргізілді. Бұрын бәймәлім болған қаншама тарихи деректер, археологиялық қазыналар табылды. Тарихымыз сан мың жылдан тамыр тартатыны заттық айғақтармен толықты. Елбасының осы іргелі бастамасы халқымыздың тарихи санасын жаңғыртуға зор үлес қосты. Бағдарлама аясындағы еңбектер том-том болып жарыққа шықты» деген болатын. Осы ретте, мемлекет тарихын, ұлт тарихын зерттеуде және оның ғылыми айналымға түсуіне жазба деректің алатын орны зор. Жазба деректер әр елдің, ұлттың, жердің тарихынан, мәдениеті мен рухани өмірінен мол мәлімет беретін құнды мұра, рухани байлық», деді.
Сөзімізді түйіндер болсақ, болашақта мұндағы қолжазба деректер ғылыми айналымға түсуі қажет. Осы арқылы елдің, ұлттың, жердің тарихын, мәдениеті мен рухани өмірін жаңа қырынан танып, зерттеуге тың сүрлеу салынуға тиіс.
Суретте: Нидерландтық картограф Ф.Де Виттің картасы. ХVІІ ғ.
«Қазақстан халқына» қоры 2 мыңнан аса студентке білім грантын ұсынды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:54
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:47
Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті
Хоккей • Бүгін, 10:38
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:30
Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды
Оқиға • Бүгін, 10:22
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
Әлихан Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:02
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Бүгін, 09:52
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Бүгін, 09:45
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Бүгін, 09:35
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Бүгін, 09:22
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Технология • Кеше
Ватикан басшысы Қазақстанға келеді
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Қазақстан бақылауына өтуі мүмкін
Экономика • Кеше
Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар