Коронавирус • 01 Қараша, 2021

«АрселорМиттал Теміртау» Pfizer-ге арналған мұздатқыш камералармен қамтамасыз етті

163 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«АрселорМиттал Теміртау» Қарағанды облысының дәрігерлеріне Pfizer-BioNTech вакцинасын қабылдауға дайындалуға көмектесіп жатыр. Компания өндіруші талап еткен тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайы үшін 97 арнайы мұздатқыш камера сатып алды. Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өңірдегі емханалар мен ауруханалар Қазақстан да бірінші болып тегін жабдықтар алады.

«АрселорМиттал Теміртау» Pfizer-ге арналған мұздатқыш камералармен қамтамасыз етті

Қондырғыларды тапсыру Премьер-Министрдің орынба­сары Ералы Тоғжановтың, «Ар­селорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирдің, сон­дай-ақ тау-кен бағытының атқа­рушы директоры Джелсон Батист­тің және атқарушы директор Әлішер Әбеновтің қатысуы­мен өтті.

Компания көлемі 528 литр болатын 4 стационарлық тоңазыт­қыш, көлемі 100 литрлік 43 ста­цио­нарлық тоңазытқыш, сон­дай-ақ вакцина тасымалдауға ар­налған 54 портативті термо­кон­тейнер сатып алды. Жабдықтың жалпы құны 180 млн теңгеден асады.

Контейнерлердің әрқайсысы GPS-трекермен жабдықталған. Жабдық вакцинаны -86 градус­қа дейін қажетті температурада тасымалдауға және сақтауға мүм­кіндік береді. Мұндай жағ­дай­ларда препарат алты айға дейін өзінің қасиеттерін сақтайды.

«Қарағанды облысы – «Арсе­лор Миттал Теміртау» компа­­ния­сының қаржылық қол­дауы­ның арқасында тоңазыт­қыш­пен жабдықталған еліміз­дегі алғашқы өңірлердің бірі. Об­лыс­тың әрбір қаласы мен аудан орталығы Pfizer вакцина­сын сақтауға ар­налған мұздат­қыш­тармен толық қамтамасыз етіледі. «Суық» тіз­бекті сақтау – бұл осы вакцина бойынша қойылатын негізгі талап. Қажетті тоңазытқыш жабдықтарды жедел жеткізгені үшін «Арселор Миттал Темір­тауға» алғысымыз­ды білдіреміз», деп атап өтті Премьер-Ми­нис­трдің орынбасары Ералы Тоғ­жа­нов.

«Бұл пандемияның эко­но-
­микаға, бизнеске және халыққа тигізетін әсерін бағалау қиын. Бірақ біз теңдессіз дағдарыс жаппай қолдауды талап ететініне сенімдіміз. Біздің әлеуметтік-жауапты компания ретіндегі міндетіміз – аймақ экономикасын қалпына келтіруге көмектесу, сондай-ақ пандемияға байланыс­ты жаңа сынақтарға толық да­йын болу»,  деді «АрселорМиттал Темір­тау» АҚ бас директоры Биджу Наир.

«Компанияның бірін­ші кезек­­тегі міндеті – қызметкер­лері­міздің денсаулығын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Компания қызметкерлерді қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының санитарлық нормаларына сәйкес жұмыс істейді. Әлеуметтік жауапты кәсіпорын болғандықтан біз өңір халқын қолдауға бағытталған бас­тамаларды әрдайым қол­дай­мыз», деп атап өтті АМТ атқару­шы директоры Әлішер Әбенов.

Алдағы аптада «Арселор­Мит­тал Теміртау» ком­паниясының қызметтері мұздат­қыш жабдықты облыстық вакцина қоймасына және облыстың барлық өңіріне жеткізуді қам­тамасыз етеді.

1