ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылу барысымен танысу үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Батыс Қазақстан облысына барды, деп жазады Egemen.kz.

Сапар барысында Министр облыстағы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жөнделген және салынып жатқан объектілермен танысты.
Серікқали Брекешев Махамбет ауылында клуб ғимаратында болып, Жымпиты ауылындағы автомобиль жолының құрылысын бақылады.
100 орындық ауылдық клуб нысанының құрылыс жұмыстары 100% пайызға орындалды. Оған республикалық бюджеттен 81,9 млн теңге қаражат бөлінген. Ал Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы жолдардың құрылыс жұмыстары 90-95 пайызға орындалған. Онда республикалық бюджеттен 148,1 млн теңге қаражат бөлінді. Жолдың ұзындығы 1,5 шақырымды құрайды.
Сондай-ақ, министр Киров-Шежін магистральды каналын Орал-Көшім жүйесінен «Үлкен Өзенге» бассейнаралық су жіберу үшін реконструкциялау жобасының құрылыс барысын тексерді.
Объектіге 7 бірлік техника және 10 адамнан тұратын жұмыс бригадасы жұмылдырылған. Су қабылдағыш бойынша дайындық жұмыстары 80%-ға, бөгеттің еңісін бекіту бойынша 80%-ға, пайдалану жолымен біріктірілген бөгетті жөндеу бойынша және кюветті толтыру бойынша 35%-ға дайындық жұмыстары жүргізілді.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру қорытындылары бойынша кеңесте министр Батыс Қазақстан облысындағы жобаның қарқыны туралы мәлімдеді.
«Әрине, жоба аясында өңірде көп жұмыс атқарылып жатыр. Бағдарламада 24 перспективалы ауыл қамтылып, бірқатар әлеуметтік сала нысандары жөнделді. Ондаған шақырым жол, электр беру желілері қайта жаңартылды. Сонымен қатар, барлық нысандар белгіленген мерзімде тапсырылғанына назар аудару қажет. Бұл ретте сапа мәселесі ерекше бақылауда болуы тиіс. Сондай-ақ шекаралас ауылдардың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, бағдарламаға қосу мәселесі де өзекті болып табылады», деді министр.
Жалпы, 3 жыл ішінде өңірде 107,2 км астам жол салынды, қайта жаңартылды және жөнделді. 7,1 км су құбыры желісіне, 11 мектепке, 10 мәдениет және спорт объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді. Көшелерді жарықтандыру үшін 6,1 км электр беру желісі салынды.
Айта кетейік, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы 2019 жылдан бері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Жобаның мақсаты – ауылдардағы өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту, оны жаңа өңірлік стандарттарға сай ету болып табылады.
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Технология • Кеше
Ватикан басшысы Қазақстанға келеді
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Қазақстан бақылауына өтуі мүмкін
Экономика • Кеше
Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
15 мыңға жуық оқушы жаңа мектепке барады
Білім • Кеше
Жылыту маусымына дайындық алаңдатады
Аймақтар • Кеше
Тарих • Кеше
Ескі кесел: Эпилепсияға операция жасауға бола ма?
Медицина • Кеше
Былтырғыдай шөп тапшылығы болмайды
Аймақтар • Кеше
Сартүбек сапары Торғай тойға дайындалып жатыр
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Әдебиет • Кеше
Мажарстан астанасында «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» жинағы жарық көрді
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Әуезовтің Шыңжаңдағы шәкірттері
Әдебиет • Кеше
Оңалту құралдарын портал арқылы алдыруға болады
Қоғам • Кеше
Чемпиондық жолындағы «тар жол, тайғақ кешу»
Бокс • Кеше
Аймақтар • Кеше
Абайтануға арналған интеллектуалдық алаң
Абай • Кеше
Ұқсас жаңалықтар